«Азық-түлік жетеді» – Омаров халықты сабырға шақырды
«Азық-түлік жетеді» – Омаров халықты сабырға шақырды
227
оқылды
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстандағы азық-түлік қоры 5-6 айға жететінін айтты. Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасына сәйкес, арнайы жедел штаб құрылған. Штаб елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуге мониторинг жасайды. «Бүгінгі ақпарат бойынша елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қоры – 1,2 миллион тоннадан астам. Бұл елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуге 5-6 айға толығымен жетеді. Қазіргі таңда өнімдер күнде өндіріліп жатыр. Мысалы, ұн, қант, ет, сүт өнімдері. Өндіріс тоқтап жатқан жоқ», – деді министр. Сапархан Омаров халықты сабырға шақырды. «Сондықтан шу көтеруге негіз жоқ. Барлық азық-түлік тауарының жылдық өндірісі сұранысты толықтай қамтамасыз етеді. Кейбір тауарлар артығымен өндіріледі», – деді. Бұған дейін Президент халықты дүрлікпеуге, сақтық шаралары жан-жақты қолға алынатынын айтқан болатын.