Головкиннің алғысы
Головкиннің алғысы
136
оқылды
Амманда өткен  Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінде 9 бірдей спортшы жеңіске жетіп, лицензия ұтып алды. Жерлестерінің жеңісті сәтіне қуанған Геннадий Головкин Twitter-де алғыс айтып, өз ризашылығын білдірген.
«Бокстан Қазақстан құрама­сын Олимпиадаға жолдама алуы­мен құттықтаймын.  Сіз­дер Иорданияда керемет көр­сет­кіш көрсеттіңіздер. Әр спорт­шы­ның өз елінің намысын қор­ға­уы қаншалықты маңызды еке­нін жақсы білемін. Токиода да сіздерге жанкүйер боламын» делінген жазбасында.
Олимпиада-2020 ойындары 24 шілде мен 9 тамыз ара­лы­ғында Жа­понияның Токио қаласында өте­ді деп жос­пар­ланған еді. Ко­ро­­на­ви­рус қау­піне байла­ныс­ты Олим­пиа­даға өзгеріс бола ма, болмай ма, әзір белгісіз...   Гүл БЕКЗАТ