Қазақстанда алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Коронавирус бірден екі қазақстандықтан анықталған, олар Германиядан келген.
Еске сала кетейік, мұның алдында бас санитар Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін екенін айтқан болатын.
"Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері", - деген еді Бекшин.