Бокстан Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық боксшы Дильфуза Бековамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде, Аида қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, келесі айналымға өтті.
Ал тағы бір қазақстандық боксшы Милана Сафронова (66 келіге дейін) қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты, жартылай финалға тікелей жолдама алды.
Айта кетейік, келесі жекпе-жек 7 желтоқсанда өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.