Мессенджер ықпалы артып барады
Мессенджер ықпалы артып барады
650
оқылды
Қазақ қоғамында дәс­түрлі медиа ресурс­тардан гөрі мессенджерлердің ық­палы артып бара жат­қан­ға ұқсайды. Рас, бұл са­­ланы арнайы зерттеп, қан­дай да бір тұжырым жа­сау қиын. Өйткені мес­сенд­жерлер әлеумет­тік желі мен БАҚ сияқты емес, адамдардың жеке қарым-қатынастарын негізге ала­ды. Алайда Қазақстан­да түр­лі мессенджерлердің әсе­рі күшейіп тұр. WhatsApp арқылы тарайтын ау­дио-видео өнімдер, мәлі­мет­тер жұртты талай мәр­те елеңдеткенін көрдік. Мессенджерлер арқылы тара­ған фейк ақпараттарды жоққа шығару тіптен оңай болмай тұр. Туған-туыс, дос-жаранның мес­сенджерлерде құрылған топта­ры­на атам заманғы деректер мен қауесеттер, фейк ақпараттар, видеолар жиі-жиі келіп тұратынын көз көріп жүр. Мәселен, қаңтар­дың боранды күндері Нұр-Сұлтан қаласына қасқыр кіріп кеткені жайлы ақпараттар да, қызық көр­ген кейбір дәрігерлердің коро­на­­вирустың елімізге еніп кеткені жайлы «әңгімелері» де алдымен осы мессенджерлер арқылы тара­ған. Демек, жаңа медианың осы­нау түрі қоғамдық пікірді қа­лып­тастыруға қалай болғанда да ықпал етіп жатыр. Ендеше мес­­сенджерлер дәстүрлі медиадан да ықпалды бола түскен жоқ па, олар­ды бақылау керек пе және ол мүм­кін бе, қалай бағалаймыз деген сауалдар көкейге орала береді. Біз бұл сұрақтарды бірқатар жаңа медиа мамандарына қойған едік.   Тимур БЕКТҰР, IT маман, блогер – Егер дәстүрлі ме­диа деген сөз­дің емеурінінде те­ле­­визияны да қо­са­тын болсақ, он­да жауап: жоқ! Мес­­сенджерлер дәстүрлі медиа­дан ықпалды емес. Интернет дамы­ды, әлеуметтік желілер күшке ай­нал­ды, мессенджерлер қарқын алып келе жатыр десек те, бізде бол­сын, әлемдік деңгейде болсын, теле­визияны басып озып, одан да ықпалды боп кете қоймады. Мессенджерлер ықпалды күш­ке ие болды. Олардың ықпа­лы сол, жаңа медианың басты ерек­­ше­­­лігінде: жедел, жылдам, лезде жә­не жан-жақтан. Жеделдігіне тәп­сір жасап қажет емес, ал жан-жақтан дегенді нақтылай кетсем, БАҚ көздеріне де, БАҚ көздерінен де ақпарат шектеулі ғана жақтан келсе, халықтан БАҚ-қа және халықтан-халыққа мессенджерлер арқылы ақпарат жан-жақтан келе­ді. Тиісінше, домино эффек­ті­сі іске қосылады. Бүкіл дүние дүр­лі­гіп сала береді. Әзірге бағалау мен бақылау стихиялы түрде деп айтар едім. Айталық, қандай да бір эпидемияның тарауы кезіндегі дүрліккен ақпарат немесе тұтас елді дүр сілкіндірген оқиғаларға жаппай реакция. Оған ешқандай дәлел мен факт қажет емес, бар­лы­ғымыз көріп отырмыз. Осы жер­­де мен үшін қызық болатыны те­рең анализ. Қолда бар барлық ақ­­парат көзінде талқыланып жат­қан оқиға мен жаңалықтардан басқа, кулуарларда яғни жекелеген аймақтар мен қоғамның негізгі сегменттері арасында не талқы­ланып жатқанын білмеген соң... Бірақ мессенджердің де өзге ақпарат көздерінен айырма­шылығы сол боп тұр, екі адамның арасындағы әңгімені бақылау да, бағалау да заңды жолмен мүмкін емес. Сол үшін де мессенджерлерді deep media деп айтады.   Нұрлан ЖАНАЙ, SMM маманы – Cтатистика бо­йын­ша, мессенд­жер­­лер дәстүрлі ме­­диа­ны әлі арт­қа тастаған жоқ. Мә­­селен, Face­book мессенджері әлеуметтік же­лі­нің өзін қолданатындардың санынан әлдеқайда аз. Ал тек қана WhatsApp, Telegram сияқты мессенджер қолданатындар мо­лырақ. Мәселен, WhatsApp пай­даланатындар Instagram сияқты желілерді қолданатындардан мол болуы мүмкін. Себебі олар­ға тір­келу әлеуметтік желі­лер­де аккаунт ашудан гөрі оңай. Мес­сен­джер­лерге таргет қосылған кезде ықпалы көбейеді де, дәстүрлі медиа мен әлеуметтік желі артта қалады деп ойлаймын. Әзірге олардың ық­палы дәстүрлі медианың дең­гейі­не жеткен жоқ. Бірақ бұл жерде әңгіме қаржылық мәселеге қатысты екенін ұмытпау керек. Ал ақпарат тұрғысынан қарастырсақ, мессенджерлер әжептәуір ықпал­ды. Алайда оның зардабы да бар. Өйткені ешкім контент жаса­май­ды. Ешкім жауапкершілік ал­май­ды. Фактчекинг төмендейді. Әдетте мессенджерлердегі ақпарат алмасу адамдардың өзара сеніміне, пікірлес болуына негізделген. Түрлі топтарды сыныптастар, туыстар, ауылдастар, әріптестер деп ашамыз. Ақпараттар да сон­дай топтар арқылы тарайды. Мә­се­лен, WhatsApp арқылы до­сың бірдеңе жіберсе, сенесің ғой. Адамның бір-біріне деген сенімі олар тарататын ақ­па­ратқа да алғашқы көзқарасты қа­лыптастырады. Оның үстіне мес­сенджер қолданушылар түр­­лі аудио-видео өнімдерді ше­бер жасайтын болып барады. Мон­таждауға келгенде алдына жан салмайтын қолданушылар пайда болды. Сөйтіп, адамдар теле­арналар мен радиолардан гөрі мессенджерлерге көбірек сене­тінді шығарды. Сондықтан рес­ми құрылымдардың мессенд­жер­­­лермен жұмыс істеу әдістері өз­гер­гені дұрыс. Ақпараттарды WhatsApp, Telegram тәрізді мес­сенджерлерге бірінші болып жібе­ру арқылы күресу керек шығар. Ал бізде жалған ақпарат таратты деп кейбір адамдарды қамап жатыр. Әркімді соттап, қамап ештеңе өзгерте алмаймыз.   Ержан ҚАЛЫМБАЙ, Ulys.kz диджитал журналының бас редакторы – Қазір қазақ қо­­ға­мында мес­сенд­жер ар­қылы ақ­­­па­­­рат тұтыну көрсеткіші өте жо­­­ғары. Тіпті, жеке бір мәде­ниет­­ке айналып кеткені рас. Яғни халықтың басым бөлігі мес­сенджерді негізгі ақпарат көзі ретін­де көріп, аталған арна арқылы келген хабарларды талғамсыз тұты­нуда. Әлбетте, өкінішке қа­рай, мессенджерлер арқылы дұ­рыс­тан гөрі, бұрыс ақпарат көп тарайтынын көріп жүрміз. Саяси, діни, манипулияциялық және ұлтараздық дүрдараздық сынды т.б. шетін тақырыптарға негізделген дүниелерді жиі көруге болады. Әрбір адам өзгелерден немесе өзі қосылған кемінде төрт-бес чаттан күніне жүздеген ақпарат, видео, аудио, мәтіндер алады. Көбі ойын-сауық, қызықтар, көңіл көте­руге арналған ақпараттарды ала­ды да оқиды, тыңдайды, көреді сосын өзгелерге жібереді. Бұл жерде са­палы ақпараттың аздығы мен бө­лісілетін хабарлардың көбі­нің нақты дерек көзі жоқтығы алаңдатады. Бұл ретте бұқараның ақпараттық сауаттылығын артты­рып, талғамын көтеру мәселесі бар екені жасырын емес. WhatsApp, Telegram, VK Messenger, Viber, Facebook Messenger, iMessage, Snapchat секілді әлеуметтік желі­лердің мессенджерлері ішінде сөзсіз халық жаппай қолданатын WhatsApp Қазақстанда ең таны­мал әрі ықпалды деуге болады. Кез келген ақпарат, оқиға осы мес­сенджер арқылы қас пен көз­дің арасында тарап жатады. Бір жағы бұлардың көбі қорғалмаған коммуникация түрі, ол бір үлкен мәселе. Оны түсіну үшін біраз жыл керек шығар. Жалпы, мес­сенд­жерлердің қазіргі кезде сал­та­нат құрып тұруының басты се­бе­бі де дәсүрлі медианың әл­сіз­дігі немесе оларға деген сенім­нің осалдығы деуге болады. Сон­дық­тан мемлекеттің ақпарат сая­­сатында, ұлттық қауіпсіздік мәсе­лесінде мессенджерлерді тұтыну психологиясын түбегейлі зерттеп, ерекше мән берген дұрыс. Меніңше, бақылау тым артық дүние. Әлеуметтік желідегі ағаттықтар, мессенджерлер ар­қылы жалған ақпарат пен тер­ро­ризмді насихаттайтын т.б. дү­­ние­лер таратқандарды жаза­лай­­­тын Қылмыстық кодексте біраз бап бар, соңғы жылдары БАҚ туралы заңға да бірталай өзге­ріс енді. Сондықтан бақылау емес, керісінше мессенджердің игілігін пайдалану керек. Әрбір адамға қолжетімді мессенджер мә­селесін, әсіресе дәстүрлі медиа дұрыс пайдаланып, ақпарат беру тұрғысынан интеграция жасаса, ха­лықты сапалы контентпен қам­­та­масыз етіп, аудиториясын арт­ты­ра алар ма еді?!   Амангелді ҚҰРМЕТ