Мерейтойға орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев музыкалық оқу орнының ұжымына құттықтау хатын жолдады.
Қазақ ұлттық консерваториясына – 80 жыл
387
оқылды

Консерватория мерейтой ма­ра­фонын Республика сарайында га­ла-концертпен түйіндеді. Кеште Мә­дениет және ақпарат министрі Аи­да Балаева оқу орнының бұдан бы­лайғы жұмысына табыс тілеп, бір­қатар қызметкеріне «Мәдениет са­ласының үздігі» төсбелгісін та­быс­тады. Қазақ музыка өнерінің қа­ра шаңырағы 80 жыл ішінде та­лай таланттарды даярлап шығарды. Кон­серваторияның негізі 1944 жы­лы қаланған. 1998 жылға дейін ел­дегі жалғыз музыкалық жоғары оқу орны болды. Қазір музыка са­ла­­сының мамандарын даярлайтын же­текші білім ордасы саналады. Елді әлемге танытқан талай өнер саң­лақтары Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Юрий Клушкин, Алан Бөрібаев, Байғали Серкебаев, Медет Шотабаев сияқты өнер жұл­дыздары осы қара шаңырақтан тү­леп ұшқан. Гала концертте шы­ғар­машылық ұжым оркестр, ан­сам­бль, хор және солистер болып, бір сахнада өнер көрсетті. 

– Консерватория – дарынды жастарға классикалық музыканың қыр-сырын үйретіп, кәсіби музы­кант­тар даярлайтын алғашқы жо­ғары оқу орыны. Өркениетіміздің өрісін кеңейтіп, оны жер жүзіне та­нытқан көптеген майталман ма­мандарымыз осы қара шаңырақтан қа­нат қақты. Аға буын салған сара жол­ды кейінгі ұрпақ лайықты жал­ғастырып келеді. Олар еліміздің шы­ғармашылық ұйымдарында та­бысты еңбек етіп жүр. Осы орай­да ұлттық өнерімізді жан-жақты дә­ріптеп, руханиятымызды дамы­туға зор үлес қосқаны үшін консер­ва­тория ұжымына шынайы риза­шы­лығымды білдіремін. Бар­шаңыз­ға шығармашылық шабыт ті­леймін! Жұмыстарыңыз жемісті бол­сын! – деді Мәдениет және ақ­па­рат министрі Аида Балаева.