Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде кезекті боксшымыз жартылай финалға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 80 келідегі Ерасыл Жақпеков 1/4 финалда Сағын Сатыбалдыұлымен (Қырғызстан) жарқын жекпе-жек өткізді.
Алғашқы раундта қаша ұрыс салған Қырғызстан спортшысының тактикасы жемісін бергенімен, айқастың қалған бөлігінде Ерасыл жойқын соққылар мен қыспаққа алудың арқасында таразы басын өз жағына бұра алды
Енді жерлесіміз 8 желтоқсан күні жартылай финалда қарсыласын нокаутқа жіберген Тұрабек Хабибуллаевпен (Өзбекстан) жолығады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.