Коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен байланыста болғандар іздестіріліп жатыр
Коронавирус жұқтырған қазақстандықтармен байланыста болғандар іздестіріліп жатыр
© REUTERS
5,280
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған екі қазақстандықпен байланыста болғандарды іздестіріп жатыр, - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
"Қазір біздің мақсатымыз - бортта болған адамдардың барлығын іздеп табу, олармен байланысты болғандарды оқшаулап, бақылауға алу. Қажет іс-шаралар жүріп жатыр", - деді ол Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.
Министрдің айтукынша, барлық адамды іздеп тапқан соң олармен жұмыс жүргізіледі, денсаулығы тексеріліп, қажетті сараптамалар алынады. Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елге коронавируспен оралып, карантиннен жасырынатын адамдар жауапқа тартылатынын айтқан болатын.