Қазақстан әйелдер құрамасы шорт-тректен Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан World Tour кезеңінде үшінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандықтар эстафетада қола жүлдені жеңіп алды. Турнир аясында ел намысын Малика Ермек, Алина Әжіғалиева, Яна Хан және Ольга Тихонова қорғады.
Бірінші орынды Канада иеленсе, екінші орын Оңтүстік Кореяға бұйырды. Қытай мен Польша командалары жарыстан шеттетілді.
Айта кетейік, бұған дейін финалдық А кезеңінде өнер көрсеткен Денис Никиша алтыншы нәтиже көрсетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.