Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионаты аяқталды.
Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында нешінші орын алды?
olympic.kz
2,050
оқылды

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионаты аяқталды. Соңғы медальдар ерлер арасындағы жарыстарда сарапқа салынды. Финалға Қазақстан құрамасының тоғыз боксшысы шыққанымен, барлығы дерлік алтын жеңіп ала алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстан ерлер құрамасы төрт алтын, бес күміс және бір қола медаль ұтып алды. Жүлде кестесінде Қазақстан екінші орынға жайғасты, бірінші орында Өзбекстан (сегіз алтын, екі күміс және бір қола) тұр. Үздік үштікті бір алтын, бір күміс және үш қола медальмен Тәжікстан түйіндеді.

“Біз тек екі салмақтағы нәтижеге келіспейміз: 48 және 71 келі. Басқа финалдық кездесулерде барлық жеңілістер әділ болды. Мен біздің кемшіліктерімізді байқадым. Алдағы уақытта қателіктермен жұмыс істейміз. Сонымен қатар жаттығулар физикалық дайындық пен техниканы жақсартуға бағытталады. Менің ойымша, бәрі де сәтті болады. Жігіттердің әлеуеті мықты, мүмкіндіктері мол. Сондай-ақ Нұрбек Оралбай мен бірнеше боксшы жарысқа қатыспады.

Бізде қосалқы құрам мықты. Жас спортшыларды ұлттық құрамаға шақырамыз. Жақында Қазақстан чемпионаты өтеді. Бірақ оған АЧ медалистері қатыспайды, өйткені дайындық үшін уақыт жоқ. Сондай-ақ Таиландта жеңімпаз атанған, ел чемпионатында жеңіске жеткендер ұлттық құраманың бірінші нөмірі болып есептеледі”,- деп қорытындылады ұлттық команданың бас бапкері Қайрат Сәтжанов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.