Елімізде коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталды
Елімізде коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталды
© Бауыржан Жуасбаев
206
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған үшінші адам анықталғанын хабарлады. «Коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде. Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін айтқан болатын. Сонымен қатар коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматтарымен бір ұшақта болған жолаушылар карантинге жатқызылатыны хабарланды.