Ішкі істер министрлігі елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
Заң және тәртіп: пара беру әрекеті 70 қылмыстық іске себеп болды
Фото: polisia.kz
160
оқылды

Ішкі істер министрлігі елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыс жүргізуді жалғастыруда, – деп хабарлайды Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Біздің ең басты міндетіміз – әрбір азамат өзін қауіпсіз сезініп, заң бұзушылықтың кез келген түрі жазасыз қалмайтынына сенімді болуын қалаймыз.

Бақылау мен ашықтық

Қазіргі таңда полиция қызметкерлерінің де, азаматтардың да әрекеттері бейнебақылау камералары, регистраторлар мен смартжетондар арқылы жазылады. Барлық мәліметті министрліктің Өзіндік қауіпсіздік департаменті тұрақты түрде қадағалап отырады.

Фактілер мен жауапкершілік

Өкінішке орай, осы ескертулерге қарамастан, кейбір азаматтар заңсыз әрекеттерге барып, оның ішінде лауазымды тұлғаларға пара беруге әрекеттену жағдайлары жалғасуда. Күшейтілген бақылау басталғаннан бері осындай әрекеттер туралы полиция қызметкерлерінен 900-ден астам хабарлама түсті. Пара беру фактілері бойынша 70-тен астам қылмыстық іс қозғалды.

Тәжірибеден мысалдар

Астана қаласында бір азамат жауапкершіліктен құтылу үшін ақшаны қызметтік көлікте қалдырған. Құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды;

Көкшетау қаласында ер азамат қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін полиция қызметкерлеріне 500 мың теңге ұсынған. Іс сотқа жіберілді.

Барлық азаматтарға тағы да айтарымыз: заңды сақтаңыздар және әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекеттерді жасамаңыздар. Тек бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз тәртіп пен әділдік орнайтын қауіпсіз қоғам құра аламыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.