Сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды.
"ҚазАвтоЖол" компаниясының экс-төрағасы сотталды
252
оқылды

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның экс-төрағасы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бас бостандығынан айырылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты "Жақсы-Есіл – Бузулук" автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін үкім шығарды.

Келісімшарттың заңбұзушылықтармен жасалғаны және берілген аванстың ысырап етілгені дәлелденді. Жоба бойынша жұмыс басталмаған.

Сотталғандар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.