Бірнеше облыста ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.
-25 градус аяз, бұрқасын, жел: 19-21 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
3,856
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 19, 20 және 21 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

19 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде циклон әсерінен қар, бұрқасын, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел күтіледі.

19-20 желтоқсан күндері солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 20 желтоқсан күні оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда қатты қар жауады.

21 желтоқсаннан бастап батыс антициклонының жылжуы әсерінен республиканың батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Ал солтүстікте, оңтүстікте және орталықта ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.

Сонымен қатар Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі деп болжанып отыр.

Түнде ауа температурасы батыста 3-13 градус аяздан 5-18 градус аязға дейін, ал шығыста 10-26 градус аяздан 7-20 градус аязға дейін ауытқиды.

Еліміздің өзге облыстарында ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:

  • түнде солтүстік-батыста, солтүстікте 10-20 градус аязға дейін,
  • орталықта 13-25 градус аязға дейін,
  • республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 7-13 градус аяз,
  • таулы аудандарда 15-18 градус аязға дейін.