Коронавирусты алғаш жұқтырған алматылықпен бірге 41 қазақстандық ұшып келді
Коронавирусты алғаш жұқтырған алматылықпен бірге 41 қазақстандық ұшып келді
© azattyq-ruhy
117
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Германиядан келген ұшақ бортында болғандардың бәрі қазақстандық емес екенін айтты.
«Германиядан келген бортта 73 адам болған. Олардың бәрі жалпы терминалдан өтті. Олардың 41-і –Қазақстан азаматы. Басқалары Германия, Қырғызстан азаматтары», - деді ол.
Денсаулық сақтау министрлігі қазір бортта болған барлық азаматтарды іздеп жатыр. Себебі, ол кезде Германия қауіп бойынша бірінші категориядағы мемлекет деп жарияланбағандықтан, азаматтар үйлеріне қайтарылған болатын. Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін айтқан болатын.