Қазір жастардың әсіресе интернет, пошта қызметтері, цифрлық төлемдер және «бетбелгілер» сияқты заманауи әдістер арқылы бұл препараттарға қол жеткізуі оңайлап кеткені жасырын емес.
Жастарды "ғасыр дертінен" қалай қорғаймыз?
217
оқылды

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының «Есірткіге жол жоқ» жобасы өңір-лерде тұрақты өткізіліп келеді. 

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері ақпараттық ресурстар арқылы есірткі сатқаны үшін 71 қылмыстық іс қозғады, оның 40-ы граффити арқылы жарнамамен байланысты. Сондай-ақ есірткіні таратуға қатысқан 53 адам ұсталды, олардың арасында екі жүкті әйел, көпбалалы ана, төрт студент және сегіз кәмелетке толмаған жас бар.

«Есірткі – қазіргі заманның ең қиын да күрделі қауіптерінің бірі. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні баршамызға белгілі. Ғасыр дертімен күресуде «Жастар рухы» жастар қанатының тарапынан жан-жақты жұмыс жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері жүргізілген арнайы рейдтерде барлық 20 өңірде 1 000-нан аса еріктінің қатысуымен 4 000-нан аса граффити анықталып, жойылды. Дәл осындай акция Астана қаласында өз жалғасын тапты. Астана жастарының көмегімен тыйым салынған сайттар белгіленген жазуларды бояу жұмыстарын жүргіздік», – дейді Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев.

Қазір жастардың әсіресе интернет, пошта қызметтері, цифрлық төлемдер және «бетбелгілер» сияқты заманауи әдістер арқылы бұл препараттарға қол жеткізуі оңайлап кеткені жасырын емес.

«Заң мен тәртіпке бағынған ел биікті бағындырады. Расымен солай. Елдегі тыныштықты сақтап тұру оңай дүние емес. Ол үшін елдегі әр азамат заңға бағынып, тәртіп сақталу тиіс. Сол үшін Үкімет тарапынан түрлі акциялар мен жобалар жүзеге асып жатыр. Соның ішінде мен "ESIRTKIGE JOL JOQ" және «ALAYAQ.NET» жобаларына тоқтала кетейін. «ESIRTKIGE JOL JOQ» жобасы жастар бұқаралық спорт түрлерін насихаттау арқылы есірткі тұтынуға қатысты теріс көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір салтын сақтауға шақырады. «ALAYAQ.NET» жобасы алаяқтық қылмыстарға қарсы күреске шақыруға бағытталады. Жобаның міндеті алаяқтық қылмыстың алдын алу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру екен. Әрине, заң салтанат құрған жерде тәртіп болады. Тәртіп болған жерде ел дамуы ілгерілейтіні сөзсіз», - дейді журналист Әділет Орынбасаров. 

Айта кетейік, елімізде «Alayaq.net» жобасының арқасында 200-ден астам алаяқтық схема ашылды. Жастардың қаржылық сауатын арттыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған жоба екі жыл бойы жүргізіліп келген. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде еріктілер мен құқық қорғау органдары заңсыз онлайн-казинолар сияқты алаяқтар схемасын әшкереледі. Жоба аясында «Alayaq.net» сайты да іске қосылды. Оның көмегімен пайдаланушылар алаяқтық оқиғалар туралы хабарлап, қаржылық сауатын арттыра алады.

«Жобаны қамту аумағы 10 млн болу керек болған. Біз оны 100 млнға дейін көтеріп тастадық. Жоба аясында 500 адамға қаржылық сауаттылықты көрсету көзделген болған біз 100 мыңнан асырып тастадық. Сол секілді көптеген индикаторларды біз 10-20 есе асыра орындаған кездеріміз болды», - деді «Alayaq.net» жобасының негізін қалаушы Абылайхан Әбдіраш.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.