Павлодар облыстық жедел жәрдем стансасының мәліметінше,18 желтоқсан күні М.Жүсіп пен Пішембаев көшелерінің қиылысында жылу құдығынан өрт шыққаны туралы шақырту түскен. Өртті сөндіру барысында коллектордан әйелдің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл деректі 112 қызметкері растады. Мәйіт сараптамаға тапсырылды.
"Екібастұз қалалық Полиция басқармасында әйел адамның жеке тұлғасы анықталғанын хабарлады. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – делінген хабарламада.