Әнші Еркін Мәулен сахнаға басқа образда шығып, жұртты таңғалдырды, – деп жазды Aikyn.kz.
Продюсер Алтынбек Рахметов Instagram-ға әншінің ән айтып тұрған видеосын жариялады.
"Еркін Мәуленді таныдыңыздар ма?! Қандай әндері әлі есіңізде?" – деп жазды продюсер.
Оны желі қолданушылары ғана емес, әріптестері де танымай қалды. "Мәссаған, Николай Василенко деп ойладым", – деп жазды Баян Мақсатқызы.
“Мүлдем танымастай өзгеріп кетіпті", "Сіз жазбасаңыз танымас едім", "Керемет әнші еді, дінге бет бұрған ба?!", "Шашын бетіне жабыстырып алған ба?!", "Гүл сезім" деген әні керемет еді", "Жоқ болып кеткен еді, жарқ етіп шықты ғой", "Маржан Арапбаевамен дуэт орындайтын", "Шашын алып, сақал қойыпты», "Баян Мақсатқызы танымай қалған соң, бізден несін сұрайды", – деп жазды оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.