Танымал қазақстандық футболшы Самат Смақов "Жетісу" футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы "Жетісу" футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.
– Аты аңызға айналған Қазақстанның ең атақты футболшысы: 6 дүркін чемпионы, 5 дүркін күміс жүлдегері және 4 дүркін Қазақстанның үздік футболшысы: 2004, 2007, 2008, 2009 жылдары. Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы – 76 ойын.
Жер жәннаты – Жетісуға қош келдіңіз дей отырып, Сізге сәттілік пен үлкен жеңістер тілейміз! – деп жазды олар әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.