Астанада LRТ өз жұмысын 2026 жылдың басында бастайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бағдарламаның міндеттерінің бірі – қоғамдық көлікті пайдаланудың үлесін 71%-ға дейін арттыру. Бұл қарбалас уақытта қозғалыс жылдамдығын ұлғайту, жайлылықты арттыру және қолжетімділікті жақсарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
"Биыл 50 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы да 50 көше жөнделеді", – деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Қала басшысы LRT құрылысы бойынша жұмыстар айтарлықтай жеделдетілгенін атап өтті. Эстакада бөлігінің құрылысы аяқталды.
"Келесі жылы жаздың ортасына дейін станциялардың құрылысы бітеді. Сондай-ақ келесі жылы күздің ортасына дейін пойыздар келеді деп жоспарлануда. 2026 жылдың басында ЛРТ жұмысын бастайды", – деді спикер ОКҚ баспасөз конференциясында.