Байқаудың басты мақсаты – БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында өтті және экологиялық мәселелер мен қаланың тазалығын қамтамасыз ету тақырыбын қоғам назарында ұстап, журналистік еңбектерді ынталандыру.
«Байқауға 60-тан астам журналист пен блогер қатысып, 100-ден астам материал ұсынылды. Бұл – «Астана Тазалық» ұйымы өткізген бірінші байқау үшін тамаша көрсеткіш. «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында көптеген материал жарияланды. Бұл – үлкен оқиға және біз мұндай байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді «Астана Тазалық» ЖШС директоры Замир Сағынов.
Байқау жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша анықталды: «Үздік телевизиялық материал»:
І орын — Томирис Біләл, «24 KZ» телеарнасы;
ІІ орын — Карима Садуақас, Qazaqstan телеарнасы;
ІІІ орын — Мөлдір Сыздықбаева, «Хабар» телеарнасы;
ІІІ орын — Ерланова Дильназ, «Астана» телеарнасы.
«Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым»:
І орын — Тимур Асылханов;
ІІ орын — Назым Болесова;
ІІІ орын — Данияр Сейсенбаев;
ІІІ орын — Аршат Оразов.
«Баспа басылымындағы үздік мақала»:
І орын — Райхан Рахметова, «Астана ақшамы» газеті;
ІІ орын — Кәмила Дүйсенова, Aiqyn газеті;
ІІІ орын — Шернияз Жалғасбекұлы, «Заң» газеті;
ІІІ орын — Бақытбек Қадыр, Egemen Qazaqstan газеті.
«Интернет-басылымындағы үздік жарияланым»:
І орын — Мақпал Орынбекқызы (бүркеншік аты: Жібек Есім), Baq.kz;
ІІ орын — Сабина Кәкімжан, Elordainfo.kz;
ІІІ орын — Ләззат Салимова, Nur.kz.
Номинациялардан бөлек, «Астана Тазалық» ЖШС бас директорының атынан «Ең үздік креатив» үшін арнайы сыйлықтар да табысталды.