Ұсталған адам қазіргі уақытта ІІМ ӘТД қызметкерлерімен қамауға алынды.
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Видеодан алынған кадр
111
оқылды

20 желтоқсанда ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросымен халықаралық іздеуге жарияланған 37 жастағы ер адам Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға  жеткізілді,   деп жазады Aikyn.kz.

2020-2021 жылдар аралығында ол мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті республика аумағынан кетіп қалған.

Биылғы жылдың қаңтар айында ІІМ Интерполының сұрауымен күдікті Дубайда ұсталды. БАӘ-нің құзыретті органдары оны біздің елге беру туралы шешім қабылдады.