Бұл туралы еріктілер Instagram парақшасында жариялады.
Үш ай бұрын жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны аман-есен табылды
RybolovMaster
2,205
оқылды

Бақытжан Жұбанов осыдан үш ай бұрын, қыркүйек айында үйінен шығып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 1995 жылы туған Жұбанов Бақытжан Ғазизоллаұлы өзінің туған күнінде, осы жылдың 17 қыркүйегінде үйінен шығып кеткен. 29 жастағы жігіт  сағат 18.00-де Жамбыл ауданы Қазыбек бек ауылының Абай көшесі, 14-үй мекенжайы бойынша үйден шыққан. Белгілері: бойы 170-175 сантиметр, орташа дене бітімі, шашы қара қысқа, көздері қоңыр.

Еріктілердің айтуынша, жоғалған адам 20 желтоқсанда табылған. Басқа мәліметтер әлі нақтыланбаған.