Бала 20 желтоқсан күні жоғалып кеткен.
Атырауда дүкенге кетіп, сол күйі із-түзсіз жоғалған 11 жастағы бала іздестіріліп жатыр
Фото: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
2,060
оқылды

Атырау қаласында дүкенге шығып, жоғалып кеткен 11 жасар бала үш күннен бері табылмай жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Нұрсая ықшамауданында 2013 жылы туған Жасұлан Назарчук 20 желтоқсан күні сағат 10:35-те  дүкенге барып келемін деп үйінен шығып кеткен. Бала содан бері із-түзсіз жоғалып кеткен.

Жоғалған бала үстіне қою жасыл түсті күрте, спорттық үлгідегі қара шалбар, аяғына қара аяққиім киген.

"Қазір жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қандай да бір ақпарат білсеңіз 102 нөміріне немесе анасының нөмірі 8778 950 28 45 (Наталья) дереу қоңырау шалуыңызды сұраймыз", – делінген полиция хабарламасында.