Жақында сүйіктісінің ұсынысын қабылдаған әнші Ayree отбасылық өмірге қадам басты. Ол сүйіктісімен мешітте некесін қидырды, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші қуанышты сәтін Instagram-дағы парақшасында жариялады. Өнер иесі мешітте неке қию рәсіміндегі фотоларын бөлісті.
Әнші мен оның сүйіктісі 20 желтоқсан күні мешітте неке қиғаны белгілі болды. Екі жастың қуанышына жақын достары куә болған.
"ЖанҰя" , - деген жазба қалдырды Ayree суретке.
Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тіледі.
"Сондай жарасымды жұп, көз тимесін", "Некелерің берік болсын", "Ayree үшін қатты қуанып тұрмын. Тіпті жылағым да келіп кетті", "Махабаттарың баянды болғай", - деп жазды оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.