Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тағы да жанкүйерлердің жүрегін жаулады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Желіде осы сәттің видеосы пайда болды.
Видеоны продюсер Алмабек Рахметов әлеуметтік желіде бөлісіп, оған мынадай жазба қалдырды:
«Анасы мен ұлы. Халық әртісі өз кезегін күтіп отыр».
Видео лезде-ақ тарап, көп қаралым жинады. Желі қолданушыларының көптеген жылы пікіріне ие болды.