Блогер Клара Иса оқырмандарына өтініш айтты.
"Әкесіне обал": Жанқош Тұраровтың әйелі Әнару Құрманәлиеваға қатысты ойын айтты
Фото: vesti.kz
4,817
оқылды

Жанқош Тұраров зорлады деп айыптаған Әнару Құрманәлиге қатысты спортшының әйелі пікір білдірді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Блогер Клара Иса Әнарудың видеосына қатысты ойын айтты.

“Сол қызға қатысты тағы бір видеолар шығыпты. Өкінішті, әрине. Оларды көріп жатырмыз. Тағы да қайталап жібере бермеңіздер. Алла сана берсін. Адам ретінде шынымен жаным ашиды. Қаншама дүниелерден кейін  әлі де есін жимаған. Әлі де сабақ алмаған. Жасы болса 30-ға келді. Әкесіне обал. Бауыры да бар екен. Өзін ойламаса да осы кісілерді ойлау керек еді. Қайта-қайта кеудесін соғып отыр. “Мен текті жердің қызымын, менің тәрбием басқа” дейді. Бірақ камераға түсіп қалған видеоларын көріп отырмыз. Бәріміз де қыз өсіріп жатырмыз. Шын жүрекпен жаным ашиды. Осындай сөздерді айтпай-ақ қояйын дегенбіз, бірақ өздері соған жеткізді”, – деді блогер келіншек. 

Еске салсақ, бұған дейін боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деп айыпталды. Алайда боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.