Ол кәмелет жасына толмаған алты баланы өрттен аман қалды.
Алты баланы өрттен аман алып қалған келіншекке пәтер сыйлады
516
оқылды

Шымкентте Марина Гафарова есімді келіншек өрттен алты баланы аман алып қалды. Оқиға 16 желтоқсанға қараған түні Қайнарбұлақ саяжайында болған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі Instagram парақшасында жариялады.

Олардың жазуынша, Марина Гафарова Қайнарбұлақ саяжайы, Ореховая көшесі №58 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің өртеніп жатқанын байқап қалған. Өміріне қауіп төнсе де, терезені сындырып, үйдегі балаларды қою түтіннің арасынан алып шыққан. Осылайша, кәмелет жасына толмаған алты бала өрттен аман қалды. Ал Маринаның батылдығымен елді тәнті етті.

Айта кетейік, Марина Гафарованың өзі де көпбалалы ана. Оның бұл еңбегі ескеріліп, ерлігі мен батылдығы үшін демеушілердің көмегімен жаңадан салынып жатқан тұрғын үйден 4 бөлмелі пәтердің кілті табысталды.