Ол жаңа жылды анасымен бірге қарсы алмақ болып, Грозныйға ұшып бара жатқан.
Ұшақ апатынан қаза тапқан 13 жастағы жасөспірім анасына бара жатқан
888
оқылды

Ақтау маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқан 13 жастағы жасөспірім Грозныйға Жаңа жыл мерекесіне орай ұшып бара жатқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz media.az агенттігіне сілтеме жасап.

Әзербайжандық басылымның мәліметінше, ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірі – 13 жастағы Мухаммедали Фаридоглы Еганов. Бұл туралы оның сыныптастары жазған. Ол Бакудің Хатаин ауданының тұрғыны болған, № 27 орта мектепте оқыған.

Белгілі болғандай, жасөспірімнің анасы Грозныйда тұрады. Ол жаңа жылды анасымен бірге қарсы алмақ болып, сонда аттанған. Ұшақта баламен бірге туыстарының ешқайсысы болмаған.