Шығын сомасы шамамен 100 мың теңге.
Астанада дүкеннен күрте ұрлаған жігіт видеоға түсіп қалды
Видеодан алынған кадр
342
оқылды

Астанада спорт дүкенінің бірінен күрте ұрлаған жігіт анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елордадағы спорт киімдерін сататын сауда үйлерінің бірінде ер адам күртесінің жоғалғанын анықтаған. 

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу нәтижесінде,  Нұра ауданының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 22 жастағы жігітті анықтады.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.