25 желтоқсан күні Ақтау қаласы маңында Әзербайжан әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына қатысты мәселелер жан-жақты талқыланды, – деп хабарлайды Aykin.kz.
Кремльдің сайты жазғандай, Владимир Путин оқиғаның Ресей әуе кеңістігінде орын алғаны үшін кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасыларына тағы да терең күйзеліспен көңіл айтты. Сонымен бірге зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
Әңгіме барысында кесте бойынша ұшатын Әзербайжанның жолаушылар ұшағы Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға әрекеттенгені айтылды. Сол кезде Грозный, Моздок және Владикавказға украиналық жауынгерлік ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасаған, ал ресейлік әуе қорғаныс жүйелері бұл шабуылдарға тойтарыс берген.
Ресейдің Тергеу комитеті Қылмыстық кодексің 263-бабы ("Әуе көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғады. Бастапқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, азаматтық және әскери мамандардан жауап алынуда.
Қазір Әзербайжан Бас прокуратурасының екі қызметкері Грозныйда жүр, олар Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы мен Тергеу комитетінің өкілдерімен бірлесе жұмыс істеп жатыр. Ресей, Әзербайжан және Қазақстанның тиісті қызметтері Ақтау қаласының іргесіндегі апат орнында тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуде.