Петропавлда апатқа байланысты бірқатар үйде жылу беру уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды Аikyn.kz Петропавловск News-ке сілтеме жасап.
«27 желтоқсан күні «Севказэнерго» АҚ орталық ауданда жылу беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл шара технологиялық ақауды жою үшін қабылданған», — деп жазылған хабарламада.
Қазір ақауды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жылу беру қызметі ең қысқа мерзімде қалпына келтірілмек.