Кей өңірлерде жел күшейе түседі.
Жел, тұман, көктайғақ: Бүгін ел аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады
Ашық дереккөз
899
оқылды

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің кей аймақтарында қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейіп, боран соғады, – деп хабарлайды Aykin.kz.

Күндіз Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Алматы облысының батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қонаев қаласында 29 желтоқсанда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтау қаласында 29 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе қаласында 29 желтоқсанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қаласында 29 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 29 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау қаласында 29 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Орал қаласында 29 желтоқсанда көктайғақ, тұман күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында 29 желтоқсанда күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с күтіледі.