Мұқтаж отбасы жалдамалы пәтерде тұрып келген.
Бетперделі адам денсаулығы жақсы емес 4 баласы бар отбасын қуантты
642
оқылды

Бетперделі жігіт балалардың еміне көмектесетінін айтты, – деп хабарлайды Aykin.kz.

Бетперде киген азамат Кәусар есімді қыз баланы анасына көмектесіп, жалдамалы жұмыста жүрген жерінен қуантты.

– Менің атым Кәусар, жасым 14-те. Үш сіңлім бар, Екеуі мүмкіндігі шектеулі, біреуі ДЦП, менің көзім дұрыс көрмейді, -6. Пәтер жалдап тұрамыз. Менің анам – әлемдігі ең керемет ана. Бізді емдетіп, осы күнге дейін қанша жүгірді. Бар арманым – сіңлілерімнің сауығып кетуі. Қазір менің де пайдам болсын деп анаммен бірге сарымсақ тазалап, жұмыс істеймін. Соңғы бес жылдан бері денсаулық жағынан қиындық туды, – дейді Кәусар көзіне жас алып.

Маскадағы қайырымды азаматтың арқасында қиындықтың қыспағында қалған тағы бір отбасы баспаналы болып, ем алады.