Оның айтуынша, биылғы жыл өте нәтижелі болды. Жыл басынан бері 16 сессия өткен. Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 7 отырысы мен заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 13 отырысы болған. Сонымен қатар елордадағы құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен әлеуметтік-мәдени даму мәселелері талқыланды.
– Шығыстардың басым бағыттарын ескеріп, 2025 жылға арналған қаржыландыруды бөлу бойынша ұсыныстар екінші рет дайындалды. Мәслихат депутаттарының тікелей қатысуымен Астананың үш жылдық бюджетіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Мәселен, депутаттар 2035 жылға дейінгі бас жоспар жобасын бірауыздан мақұлдады. Осыған сәйкес, сол жылдары елорда халқының саны 2 млн 275 мың болады деп күтілуде. Қалада әлеуметтік нысандарды дамыту бойынша инженерлік инфрақұрылым, көшелер мен жолдар, мектептер мен ауруханалар сияқты 148 сектор баста назарға алынды. Соның арқасында биыл Астананың жаңа 6-ауданы – «Сарайшық» ауданының ашылуына бастама жасалды», – деді Е. Қаналимов.
Осы ауданды құруды мәслихат төрағасы Ерлан Қаналимов 2023 жылдың сәуір айында көтерген болатын. Оның айтуынша, елордадағы Алматы ауданы – халық ең тығыз қоныстанған аудандардың бірі. Ауданда «Промышленный», «Железнодорожный», «Интернациональный», «Мичурино», «Күйгенжар» және «Юго-Восток» деген 6 тұрғын алабы бар. Оның аумағы – 15 471 га, ал тұрғындар саны шамамен 400 мыңға жеткен. Тұрғын үй қоры 885 көпқабатты тұрғын үйден тұрады. №1 Индустриялық парк аумағында 51 кәсіпорын жұмыс істейді, ал «Железнодорожный» тұрғын алабында №2 Индустриялық парктің құрылысы жоспарлануда. Осыған байланысты аудан әкімдігі аппаратына түсетін жүктеме айтарлықтай арта түскен.
– Биылдың өзінде мәслихат депутаттары «Құрылыс кодексіне», алкоголь өнімдерін сату ережелеріне, ойын-сауық орындарының жұмысына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар берді. Сондай-ақ, автобус жүргізушілерінің тапшылығын анықтау және елордадағы қоғамдық көлік жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар жасалды. Қазір Мәжіліс депутаттарымен бірге «Елорда мәртебесі» туралы заңға түзетулер енгізу мәселесі талқыланып жатыр. Оған қоса, елорданың жергілікті ерекшеліктері мен қалыптасқан жұмыс тәжірибесін ескере отырып, жаңа редакциядағы абаттандыру ережелері бекітілді. Соның арқасында жеке және заңды тұлғалардың абаттандыру мен ұстау саласындағы қарым-қатынасы реттеледі. Бұған дейін біз ТҚҚ контейнерлеріне арналған алаңдар мен олардың жағдайына қойылатын талаптарды, ғимараттардың құрылымдық элементтерін тазалау шаралары егжей-тегжейлі сипатталды. Тіпті, абаттандыру ережелерін бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға дейінгі профилактикалық шараларды күшейтуді ұсындық», – деді Е. Каналимов.
Елорда ішіндегі автобус маршруттары оңтайландырылып, олардың желісі кеңейтілді. Қоршаған ортаға зиянды әсері аз жаңа заманауи автобустар пайдалануға берілген. Осыған байланысты қала тұрғындары үшін қоғамдық көліктің қолжетімділігін арта түскен. Қазір қалалық паркте 1 625 автобус бар. Олар 105 маршрут бойынша қызмет көрсетеді. Соңғы екі жылда 706 қазақстандық өндірістегі жаңа автобус сатып алынды. 2025 жылы тағы 300 автобус сатып алу жоспарлануда.
«Биыл біз елорданың алты ауданының басшыларымен кездесулер өткізіп, шағын аудандар мен тұрғын алқаптардағы өзекті мәселелерді анықтауға бағытталған жұмыстар жүргіздік. Көшпелі кеңестің нәтижесінде жүйелі және бірқатар өзекті проблемалар топтастырып, олардың талдауын депутаттық корпустың қарауына ұсынылады», – деді мәслихат төрағасы Ерлан Қаналимов.
Оның айтуынша, әр апта сайын мәслихаттың қоғамдық қабылдауында, партия кеңселерінде және жұмыс орындарында депутаттар азаматтарды қабылдайды. 10 ай ішінде 3 398 жеке қабылдау өткізіліп, тұрғындармен 370 кездесу ұйымдастырылған. Сол кезде сайлаушылардан 1 000-нан астам өтініш түскен.
«Мәслихат депутаттары үшін сайлаушылармен сөйлесуі ашық. Осы мақсатта сессиялардың алдын ала хабарландыруы мәслихаттың сайтында жарияланып, Facebook әлеуметтік желісінде міндетті онлайн-трансляциясы жүргізілді. Сондай-ақ тұрақты комиссиялардың құрамы, комиссия отырыстары, қоғамдық тыңдаулар, жаңалықтар, жұмыс жоспарлары туралы ақпарат жарияланады. Бұған қоса, азаматтарды қабылдау кестесі мен байланыс ақпараты БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланады», – деді Е. Қаналимов.
Астана қаласының әкімі, әкімнің орынбасарлары мен басқарма басшыларының қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының 6 отырысы өтті. 2024 жылы орындалуы тиіс 114 тармақ бар. Жол картасы тармақтары бойынша 28 фракция мүшесі – мәслихат депутаттары бекітілген. Астанада сайлауалды бағдарламаның орындалуына жүргізілген талдау нәтижесінде 2024 жылы іске асырылатын 114 іс-шараның 64-і (56%) орындалған.
«Биылғы басты жетістіктеріміздің бірі – елорданың әртүрлі салаларын дамыту бойынша қабылданған «Кешенді даму жоспарларының» сәтті жүзеге асуы», – деп атап өтті Е. Қаналимов. Мысалы, «Елордада қылмысқа қарсы күрес, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын» алайық. Аталған бағдарламалық құжат аясында полиция қызметкерлеріне әлеуметтік кепілдіктерді арттыруға қаражат бөлінді, оның ішінде тұрғын үй төлемдері, патрульдік полиция қызметкерлерін формалық киіммен қамтамасыз ету шаралары қарастырылды. Бейнебақылау жүйесі жаңғыртылып, заманауи жабдықтар сатып алынды, жалақыны арттыру қолдау тапты. «Цифрлық полицей» жобасы аясында жеке құрам 100 мобильді планшет алды, учаскелік инспекторларға арналған бейнетіркеуіштерді қамтитын 924 смарт-жетонды үш жылға жалға алу бойынша келісім жасалды.
Мәслихат депутаттары бірнеше рет елорданың төтенше жағдайлар қызметін дамыту жөніндегі үш жылдық кешенді жоспардың жүзеге асырылуын тексерді. Аталған жоспар әкімдік пен мәслихат тарапынан қабылданып, бекітілген болатын. Бағдарламалық құжатта өрт сөндіру деполары мен бөлімшелерін салу және жөндеу, оларды жабдықтау, сондай-ақ елордалық құтқарушыларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бір жылдан астам уақыт ішінде жағдай айтарлықтай жақсарды. 60-қа жуық заманауи арнайы техника сатып алынып, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар еуропалық стандарттарға сай қауіпсіздік костюмдерімен және заманауи жабдықтармен алғаш рет қамтамасыз етілді. Биыл 16 автомобиль сатып алынған.
– Келесі жылы алдымызда ауқымды жұмыстар тұр. Талқыланатын мәселелердің ішінде Астананың көлік жүйесін кешенді дамыту перспективалары қаралады. Сондай-ақ, елорда қауіпсіздігі, жұмыспен қамту, көгалдандыру, абаттандыру және басқа да маңызды мәселелерге үлкен көңіл бөлінеді. Әрине, басты міндетіміз – бюджеттік қаражатты бақылау және тиімді пайдалану екенін ұмытпауымыз керек. Бізді алда елорда үшін маңызды әлеуметтік нысандардың – мектептердің, медициналық мекемелердің пайдалануға берілуі, Қ.Мұнайтпасов атындағы стадионды қайта жаңғыртуды аяқтау, көлік жолайрықтарының, жылу және энергия көздерінің, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымның басқа да нысандарының құрылысы күтіп тұр. Қала өсіп келеді және осының барлығына мұқтаж. Біздің міндетіміз – осы жұмыстардың барлығын уақытында аяқтау, – деді ол.