Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш облысында жол жабылды.
Еліміздің үш облысында жол жабылды
www.istockphoto.com
646
оқылды

«ҚазАвтоЖолдың» мәлімдеуінше, 29 желтоқсанда сағат 18:00-де Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 1013-1048 шақырым аралығында (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін) автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жол 30 желтоқсан күні сағат 05:00-те ашылады. 

Абай облысында сол уақытта, яғни «Алматы-Өскемен» автожолының 971-1013 шақырым аралығында (Қалбатау-Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) көліктің қозғалысы шектелді.

Үшінші облыс – Қызылорда облысы, «Самара-Шымкент» автожолының 1570-1911 шақырым аралығында (Төретам-Бәйгеқұм) жол жүруге тыйым салынды. 30 желтоқсан күні сағат 01:00-де жолды ашу жоспарланған.