"Ақ Жайықтың" жазуынша, ғаламторда мұғалім мен оқушылар арасындағы жанжал бейнеленген видео тараған.
Атырау облысында мектеп директоры мен оқушы арасында болған оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс басталды
Фото: istockphoto.com
3,139
оқылды

Құрманғазы ауданында ауыл мектебінің мұғалімі оқушыларға қатысты этиканы бұзғаны үшін тексеріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Ақ Жайықтың" жазуынша, ғаламторда мұғалім мен оқушылар арасындағы жанжал бейнеленген видео тараған.

«2024 жылдың 4 қарашасында С.Т. Жұпарғалиев Қадыр Мырза Әлі атындағы орта мектептің директоры болып тағайындалды. Оның білім саласындағы жалпы өтілі – 35 жыл.

Тағайындалған кезде ата-анадан да, мектеп ұжымынан да шағымдар түскен жоқ. Ол конкурстан барлық талаптар мен критерийлерге сай, жалпы негізде өтті.

Білім басқармасы бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеруді бастады. Оның қорытындысы бойынша заң аясында шаралар қолданылады», – делінген ақпаратта. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.