Үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін хабарлаған Ерке Есмахан енді шетелге баруға дайындалып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Жаңа жылға екі күн қалды. Райм желтоқсанда күнде концерт, корпоративте жүрді. Мүслім сабағы аяқталып, демалысқа шыққанынан мәз. Ислам – әзірге үйдің кенжесі, еркесі. Мен, аяғы ауыр саудагер апай үйде жатырмын. Жаңажылдық дастарқанның шаруасын шешіп қойдым. Енді ақырындап киім-кешекті жинастыру керек. Бұйыртса, ұзақ уақытқа демалысқа кетеміз", – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.