Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары 2024 жылды қорытындылап, желіде жарыса жазба жариялауда.
"Мен кіммін?" деген сауалды өзіме жиі қоямын: Айгүл Иманбаева желіге әсерлі жазба жариялады
276
оқылды

Өнер иелері осы жылда жеткен жетістіктерін тізіп, басынан өткен қиын жағдайларды да еске алып жатыр, – деп жазады Aykin.kz.  

Әртістердің арасынан алғашқылардың бірі болып Айгүл Иманбаева жылды қорытындылады. Өнер иесі 2024 жылға өкпесі жоқ екенін айтты.

"Жылдың аяқталуына санаулы күндер ғана қалды. Әдеттегідей жылды қорытындылайтын уақыт. Жасалған нәрсе көп, жасамағаным одан да көп. Бәріне алғысым шексіз жаратқанға. "Мен кіммін?" "Қайда барам?", "Менің ең соңғы аялдамам қандай?" деген сұрақтарды өзіме жиі қоямын. Не алдым? Не беремін? Әрине бұл жолда тек бір жаратушымнан қуат, денсаулық сұрап, тек даму жолында болу керектігін түсінесің", – деп жазды актриса Instagram-дағы парақшасында