Прокуратура өкілдері полициямен бірлесіп, түнгі уақыттарда ішімдіктердің заңсыз сатылуына тыйым салуды көздеп отыр.
Оралда 15 алкомаркет лицензиясынан айырылды
istockphoto.com
253
оқылды

Оралда 15 алкомаркет лицензиясынан айырылды. Бұл туралы БҚО Прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Умаргалиев айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

БҚО Прокуратурасында өткен жиында қылмыстың басым бөлігі ішімдік ішкеннен болатыны айтылған. 

Сол себептен прокуратура өкілдері полициямен бірлесіп, түнгі уақытта ішімдіктің заңсыз сатылуына тыйым салуды көздеп отыр. 

– Орал қаласында таңғы уақытта алкогольдік өнімдерді сататын және жеткізетін 40 алкомаркет бар. Прокуратура мен полиция бірлесіп өткізген рейдтік шаралардың нәтижесінде облыс орталығындағы 40 алкомаркеттің 15 лицензиясын 1 айға айыра отырып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Қазір рейдтік іс-шаралар жалғасуда. Қабылданған шаралар нәтижесінде соңғы айда мас күйде жасалған қылмыстарды азайтуына әсер етті, яғни 11 айда қылмыстардың саны 22% болған, ал бүгінгі күні 17%-ға төмендеді, – деп атап өтті БҚО Прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Умаргалиев.

Жиын соңында қылмыстың алдын алу және түнде алкогольдің сатылуын болдырмау мақсатында облыстық прокуратура мен «Yandex» «Volt» және «InDrive» интернет-қосымшаларының басшыларымен түнде алкогольдік өнімдерді жеткізуге және сатуға тыйым салу туралы меморандумға қол қойылды.