Ақшаны иемдену және жалған құжаттар дайындау жолымен ақшаны жымқырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы халықаралық әуежайында ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары іздеcтіріп жүрген ер адам ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Өзбекстанның құқық қорғау органдарымен бірлесіп ұстады.
- Ер адам 2022 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың сәуіріне дейін құжаттарды қолдан жасау арқылы 162 миллион сум ұрлап кеткен, – деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.