31 желтоқсан күні түстен кейін Астананың сегіз орнында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік жаңажылдық концерттер өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматы ауданында Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Оқушылар сарайының аумағында, Байқоңыр ауданының Ататүрік саябағының аумағында, Нұра ауданындағы Орталық саябақта және Сарыарқа ауданының «Көктал» саябағында сағат 12.00-ден 13.30-ға дейін мерекелік концерттік бағдарламалар өтеді.
Сарайшық ауданында Промышленный тұрғын алабында жаңажылдық бағдарлама сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін өтеді.
Жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қала бойынша үш жерде мерекелік іс-шаралар өтеді.
31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін қалалық алаңда (қала әкімдігінің алдында), «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңының аумағында қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңажылдық мерекелік концерттер өтеді.
Іс-шараларға отандық эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев, Ауree, Еркеш Хасен, Бейбіт Қорған, Қайрат Баекенов, Зарина Омарова, Ильхан Ихсан, Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, сол сияқты «Заман» және «Меломен» топтары және басқа да әртістер қатысады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.