Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданы мәслихатының депутаттарына ҚР Президент әкімшілігімен келісілген Ержан Күмісқалидің кандидатурасын аудан әкімі қызметіне ұсынды. Ол бұған дейін Мұнайлы ауданының әкімі қызметін атқарған.
Еңбек жолын 2007 жылы Жаңаөзенде мұғалімдіктен бастаған.
– Депутаттар бірауыздан Ержан Күмісқалидің кандидатурасын қолдап, оның тәжірибелі басшы ретінде өзін жақсы жағынан көрсететініне сенім білдірді. Өңір басшысы бұған дейін Түпқараған ауданының әкімі болған Рахат Елтізаровқа атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа әкімге сәттілік тіледі, – деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін бұл қызметті Рахат Елтізаров атқарған. Айта кетейік, 19 желтоқсанда, Қазақстандағы облыстар мен үш мегаполистің әкіміне ескертулер мен жаза берілгені болатын. Соның арасында Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының бұрынғы әкімі Рахат Елтізаров та бар. Оған қатаң сөгіс жарияланып, қызметінен алынған болатын.