«Астанаэнергосбыт» тек қана жылу мен ыстық суға жауап береді.
«Астанаэнергосбыт» электрмен жабдықтау қызметін тоқтатпақ
888
оқылды

2025 жылдан бастап «Астанаэнергосбыт» ЖШС электрмен жабдықтау қызметін тоқтатады. Бұл қызметтер енді энергия тасымалдаушы ұйым – Астана-АЭК-ке өтеді, – деп хабарлайды «Астанаэнергосбыт».

Мұндай шешім биыл қабылданған заңға сәйкес жүзеге асып жатыр.

«2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Астанаэнергосбыт» ЖШС электрмен жабдықтау бойынша жұмысын тоқтатады. Электр қуатымен қамтамасыз ету қызметі «Астана – Аймақтық электржелілік компаниясы» АҚ (Астана-АЭК) беріледі. Осыған байланысты абоненттерден электрмен жабдықтау қызметіне қатысты сұрақтар бойынша Астана-АЭК-ке хабарласуды сұраймыз», – делінген хабарламада.

«Астанаэнергосбыт» тек қана жылу мен ыстық суға жауап береді. Осыған байланысты компания 1 қаңтардан бастап елордадағы екі сервис орталығын жабады:

№3 Сервис орталығы, Абылай хан даңғылы, 49;

№4 Сервис орталығы, Бөгенбай батыр даңғылы, 24/1.

Клиенттер Әйтеке би көшесі, 3 үй, А блогындағы №1 Сервис орталығына, сондай-ақ Қажымұқан көшесі, 6 үйде орналасқан №2 Сервис орталығына хабарласа алады. Бұл екі орталықта мамандар төлемдерді салыстыру, жеке тұлғалардың есептеулері, жылу энергиясымен жабдықтауға қызмет көрсетуге шарт жасасу бойынша кеңес береді, сондай-ақ халықтан төлемдер қабылдайды.