Әзербайжан Ресей азаматтарының елге кіру ережелерін қатаңдатуға кірісті.
Қаңтар айынан бастап ресейліктер Әзербайжанға еркін кіре алмайды
www.istockphoto.com
1,236
оқылды

Әзербайжан Ресей азаматтарының елге кіру ережелерін қатаңдатуға кірісіп, тиісті қаулыға елдің премьер-министрі Әли Асадов қол қойды. Бұл құжат ведомство сайтында жарияланған.

– Ресей Федерациясының азаматтары, сондай-ақ Ресей Федерациясында тұрақты тұратын, бірақ Ресей азаматтығы жоқ адамдар бір күнтізбелік жыл ішінде Әзербайжанда 90 күннен аспайтын визасыз жүре алады, – делінген ведомство сайтында жарияланған құжатта.

Министрлер кабинетінің қаулысы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.  Бұған дейін ресейліктер Әзербайжанда жылына 180 күнге дейін визасыз жүре алатын.