Еліміздің кез келген азаматы өзін толғандырған мәселе немесе белгілі бір сұрақтар бойынша өз құқығының қорғалуы үшін қалай әрекет етуі керек?
Азаматтардың құқығы қорғалады
188
оқылды

Мәселен, Конституция азаматтардың мемлекеттік мекемелерге, сондай-ақ жария функцияларды жүзеге асыратын басқа да ұйымдарға өтініш беру құқығына кепілдік береді. Өтініштерді қабылдау ҚР азаматтарының мемлекеттік органдарға өтініш берудегі конституциялық құқығын іске асыруға байланысты ұйымдастырылады. Сондай-ақ лауазымды адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібін құқық қорғау органдары бөлімшелерінің қызметкерлері белгілейді. Ал құқық қорғау органдары жүйе­сі­нің регламенті азаматтарды қабылдауды жүзеге асыруға, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы әрі толық қарау­ды және олар бойынша шешімдер қабылдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Жаһанды цифрландыру кезеңінде құқық қорғау органдарына жеке және заңды тұлғалар жазбаша өтініштерден бөлек, кез келген өздеріне ыңғайлы тәсілмен, атап айтқанда, электронды пошта, e-Otinish, Documentolog (ОДО) ақпараттық жүйелері және Call-орталық арқылы жүгінуге құқығы бар. Өз кезе­гінде, құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары келіп түскен өтінішті (өтініш, шағым, өтінішхат, ұсыныс, үн қосу) қарау кезінде ведом­стволық регламентте және өзге де нор­мативтік-құқықтық актілерде бел­гі­ленген ҚР қолданыстағы заңнамасын қатаң басшылыққа алуға міндетті. Бұл ретте құқық қорғау органдарының ла­уазымды тұлғалары өтініш берушіге қарау нәтижелері мен қабылданған шешім туралы заңда белгіленген мер­зімде жазбаша түрде хабар береді.

Өтініштерді қараудың негізгі мақ­саты – құқықтық көмек көрсету, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру. Биыл ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша департаментіне 646 жазбаша өтініш түсті, ол өтініштерді бейінді ведмоство қызметкерлері тіркеп, қарады және тиісті әрекет ету шараларын қол­данды. Мысалға, департамент құ­зыреті шеңберінде облыс тұрғынына жер учаскесін алу және ресімдеу тұрғысында жәрдем көрсетіліп, оның құқықтары қалпына келтірілді. Бұл ретте өтініш берген азаматтың сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік ұстанымын танытуының арқасында лауазымды тұлғалардың бюджет қа­ражатын иемдену және ысырап ету деректерінің жолы кесілді. Осы орайда айтпағымыз, облысымыздың кез келген азаматы өзінің құқығының қорғалуын, түйінді мәселені шешілуін заңды конституциялық тұрғыда қамтамасыз етуі үшін тиісті мекемеге өтініш жазуына болады. Азаматтардың өтініші міндетті түрде заңды негізде тіркеліп, қаралатын болады. Сонымен қатар бекітілген кес­теге сәйкес департамент басшылығы күн сайын әртүрлі мәселелер бойынша азаматтарды жеке және бейнекон­фе­ренция байланысы арқылы қабылдайды.

У.СӘДУАҚАСОВ,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 

Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары