1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерге маңызды ескерту жасады
250
оқылды

"ҚазАвтоЖол" республикалық автожолдардағы ауа райы бойынша мәліметтерді ұсынды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.      

31 желтоқсан күні Абай, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар күтіліп отыр.

Соған байланысты "ҚазАвтоЖол" мамандары жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұрады.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.