Шымкентте құтқарушылар жеңіл көліктің өртін сөндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Еңбекші ауданында жол-көлік апаты салдарынан жеңіл көлік өртенді.
ТЖМ күштерімен өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккен жүргізуші ауруханаға жатқызылды.
Автокөлікте төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.