Жаңа жыл қарсаңында полиция ірі көлемдегі ұрлықты ашты.
Жаңа жыл қарсаңында 10 миллион теңгеге зергерлік бұйымдар ұрланды
www.istockphoto.com
269
оқылды

Жаңа жыл алдындағы түнде полиция қызметкерлері құны 10 миллион теңге болатын зергерлік бұйымдардың ұрлығын жедел түрде ашқан. Тәртіп сақшылары қылмыскерлерді бес сағат ішінде ұстаған екен.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Ішкі істер министрлігі  Криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен, Ақмола облысы және елордалық полиция қызметкерлерінің бірлескен жұмысы арқасында гастролер ұрылар «ізін суытпай» ұсталды.

Ұрлық жаңа жыл алдында таңғы сағат 04:30 шамасында Көкшетаудағы сауда үйлерінің бірінде жасалған. Қылмыскерлер сауда орнына пластикалық терезеден кіріп, бутиктен зергерлік бұйымдарды жымқырған. Дабыл жүйесі іске қосылып, қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері оқиға орнына жетсе де, қаскүнемдерге ісін жүзеге асыруға 15 минут жеткен.