Ол бұл жайында өзінің Instagram парақшасында жариялады. Жәнібек Жаңа жылға ең керемет сыйлық анасының табылуы болатынын алға тартты.
"Анашым, қайдасың?..
Биыл қуантқан, мұңайтқан сәттер де болды, бірақ мені мазалайтын жалғыз сұрақ: «Анашым, қайдасың?». Кейде менен неге анамды немесе отбасымды тапқым келетінін сұрайтындар бар, бұл сұрақтың жауабы түсінікті деп ойлаймын. Адамда өмірді бірге сүретін анасы, әкесі, аға-інісі, қарындас-әпкесі болуы керек қой. Бөлек қалып, жылап жүрмей, бірге жүріп, мықты болған дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, ата-анаммен, аға-қарындасыммен бірге Жаңа жыл мерекесін тойласам, керемет емес пе?
Менің жаңажылдық сыйлығым – өздеріңіз, бұл сөзсіз! Маған әке-шешемдей жақсылық тілеп отыратын қазақ елі бар деген ойдың өзі жүрегіме жылу сыйлайды", – деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram